Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.06.2014
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 03.07.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 17.06.2014 жылғы № 664 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеті кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.03.2012 жылғы № 305 Қаулысымен (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Жөмшөп пен жөмшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттік тіркей отырып (қайта тіркеу) тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдері мен шикізаттың дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 464 қаулысымен
 бекітілген
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік атестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы стандартына 1-қосымшада көрсетілген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - ЖАО) ұсынылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
Полная версия
ИС BestProfi