Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесінде:
«22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1332 қаулысымен бекiтілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгiлік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 8, 75-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесінде:
«10. Кеспеағаш аймағын бөлу, ағаштарды қайта есептеу және таңбалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен Қазақстан Республикасының орман қорында таңбалауды қолдану қағидаларына сәйкес жүргізiледi.»;
«5) ағашы кесілген алаңдар туралы деректер орманшылық бойынша жүргiзiлетiн орманның шығыс кiтабына енгiзiледi, ал учаскелердiң өздерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес алаңы, ағаш кесу жылы және ағаш кесу түрiнiң қысқартылған белгiсi көрсетiлiп, планшеттерге көкшiл бояумен тұтас сызықпен белгiленедi. Бір мезгiлде мөлшерлеу сипаттамасына ағаш кесу жылы, ағаш кесiлген алаң, ағаш кесудің түрі, тұқымдары бойынша кесiлетiн қор, ал өскiндер үшiн – кесуден кейiнгi ағаштың құрамы мен жуандығы енгізiледi.»;
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«161. Тамыр микозасымен зақымданған емен ормандарында жай-күйі IV-VI санаттағы ағаштар, ал III-IV санаттағы шегiршiн ағаштарының голланд аурулары ошақтарындағы ағаштар тазартуға жатады. Ағаш кесудi күзгi-қысқы кезеңде жүргізген дұрыс, бұл ретте осы ағаштарды iрiктеу және таңбалау зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды iрiктеу уақытына келтiрiледі және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 қаулысымен бекiтілген Ормандардағы санитарлық қағидаларда айқындалған жәндiктердiң қауiптi түрлерiнiң биологиясын ескеретiн мерзiмдерде жүргiзедi.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкiметiнiң 21.11.2012 жылғы № 1474 Қаулысымен (07.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкiметiнiң 03.06.2014 жылғы № 607 Қаулысымен (14.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2014 жылғы № 664 Қаулысымен (14.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 78 Қаулысымен (21.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 199 Қаулысымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2014 жылғы № 239 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi