Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.01.2014
Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 12.04.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 28.01.2014 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34 бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу »;
2) «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу »;
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 06.11.2012 № 1405 Қаулысымен; (26.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу »;
5) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау »;
6) «Қолжазбаларды сақтауға тапсыру, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау туралы анықтамалар беру »;
7) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу » мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.11.2012 № 1405 Қаулысымен (26.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (15.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 26 мамырдағы
 № 579 қаулысымен
 бекітілген
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13 кіреберіс.
Полная версия
ИС BestProfi