Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2016
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1730 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2015 жылғы № 1108 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2015 жылғы № 15-08/590 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 31, 311-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 24, 241-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 қазандағы
 N 1730 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 08.02.2012 № 212 (30.10.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 78 Қаулысымен (08.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
алып қою актісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнімді алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат;
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру - карантинге жатқызылған өнімді пестицидтермен, оның ішінде фумиганттармен өңдеу (газды дезинсекция), карантиндік және басқа зиянды организмдерді жою мақсатында рефрижерациялау (жемістерді салқындату), сондай-ақ жүктерді және көлік құралдарын арамшөптерден босату үшін оларды тазалаудың механикалық тәсілдерін қолдану;
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау - әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды өткізуге бағытталған фитосанитариялық шаралар кешені;
карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;
карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны;
Полная версия
ИС BestProfi