Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2014
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1814 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1814 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 29 мамырдағы
 № 438 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Агенттікке оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Агенттіктің орналасқан жері: пошталық индексі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі.
10. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» мемлекеттік мекемесі. Агенттіктің қысқартылған атауы – «Қазғарыш».
Полная версия
ИС BestProfi