"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2014
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды енгізілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен; (06.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен. (06.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 438 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен. (06.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Агенттікке оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Полная версия