Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
«Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Өркен» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 Қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауын «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп өзгертуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Өркен » акционерлік қоғамының атауын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы деп өзгертуді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Мүдделі мемлекеттік органдар осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-101. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ»;
реттік нөмірі 21-115-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-115. «Назарбаев Университеті» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Полная версия