Близость слов: Окончание:





Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 Қаулысы
Редакция 18.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін орындау үшін, сондай-ақ мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттердің кірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерін заң актілерінде белгіленген тәртіппен 1-қосымшаға сәйкес коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері берілген акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншік түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестеріне қатысты жасасқан барлық шарттар мен келісімдер бойынша мемлекеттік қолданылып жүрген құқықтары мен міндеттемелерін сақтау шартымен.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.1999 жылғы № 660 Қаулысымен (12.04.1999 ж. редакцияны қараңыз)
2. 2-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір айлық мерзім ішінде министрліктермен және агенттіктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп осы қаулының 1, 2-қосымшаларына енгізілмеген акцияларының мемлекеттік пакеті мен қатысудың мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін айқындау жөніндегі жұмысты жалғастырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныс енгізсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдар және ведомстволар бір айлық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік меншіктің түрін өзгерту жөнінде ұсыныс енгізсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
6. Осы қаулы атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі
№ 405 қаулысына
№ 1-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.1999 № 660, 16.07.1999 № 988, 08.04.2000 № 541, 10.07.2000 № 1045, 12.07.2000 № 1060, 03.08.2000 № 1179, 26.10.2000 № 1598, 27.10.2000 № 1623, 13.11.2000 № 1704, 31.05.2001 № 744, 25.06.2001 № 861, 09.10.2001 № 1304, 24.12.2001 № 1681, 27.06.2002 № 697, 29.07.2003 № 760, 06.08.2003 № 791, 12.09.2003 № 932, 18.08.2006 № 782, 28.12.2006 № 1299, 29.12.2006 № 1325, 21.11.2007 № 1121, 29.03.2008 № 301, 31.03.2008 № 304, 16.06.2008 № 588, 27.07.2009 № 1148, 28.08.2009 № 1270, 30.12.2009 № 2308, 10.03.2010 № 185, 31.03.2010 № 266, 06.10.2011 № 1141, 06.03.2012 № 292 Қаулыларымен. (12.04.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.08.2013 жылғы № 813 Қаулысымен (01.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.06.2020 жылғы № 372 Қаулысымен (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
__________________________________________________________   N р/с   Бірегей коды                  Ұйымдардың атауы 
1 Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-жол алынып тасталды 03.08.2000 жылғы № 1179 Қаулысымен (12.04.1999 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi