Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1141 Қаулысы
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 6 қазандағы
 № 1141 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 68-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«68-10 «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 107-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«107-9 «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 292-57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«292-57 «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 346-6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«346-6 «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 384-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«384-5 «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 545-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«545-10 «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;
«Батыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 600-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«600-7 «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 768-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«768-5 «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 822-17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«822-17 «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 967-18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«967-18 «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1015-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1015-28 «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы».
2. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат):
3-тармақтағы «жүргізуді қамтамасыз ету» деген сөздер «жүргізу» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу бойынша қызметті үйлестіру;».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.07.2016 жылғы № 439 Қаулысымен (30.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2016 жылы № 143 (28872) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы № 1140 Қаулысымен (06.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы № 27 (28153) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 21, 23, 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
«23. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
«28. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
«37. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
Полная версия
ИС BestProfi