Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2010
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 185 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 266 Қаулысымен. (10.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Мыналар:
1) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен;
2) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қостанай» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен;
3) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Шығыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен;
4) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен;
5) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Маңғыстау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен;
6) «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Қарағанды» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Көкшетау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен;
7) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Талдықорған» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Қорғас» акционерлік қоғамдарына бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, олардың аумақтық орналасуына сәйкес қайта ұйымдастырылатын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мүліктерін «Қорғас» акционерлік қоғамын қоспағанда, осы қаулының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге беруді;
2) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар коммуналдық меншікке берілгенге дейін осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін олардың аумақтық орналасуына сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беруді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының акциялары пакетінің 100 %-ын «Қорғас» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге беруді;
4) мыналардың:
«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне;
«Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне;
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне;
«Қостанай» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Қостанай облысының коммуналдық меншігіне;
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне;
Полная версия