Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.08.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 тамыздағы N 800 Қаулысы
Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарына арналған ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыру, iргелi ғылымды басқаруды жетiлдiру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде оның үлесiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
   1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты", "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты", "Физикалық-техникалық институт", "Металлургия және кен байыту институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Геологиялық-географиялық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен оның "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты", "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты", "География институты", "Сейсмология институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - кәсiпорын) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Кәсiпорынға қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Физикалық-математикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң "Математика, информатика және механика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.
6. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: 
Полная версия
ИС BestProfi