Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.04.2015
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 9 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 27.03.2015 жылғы № 161 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары;
2) Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 қаулысымен бекітілген
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер және адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әділет органдары жанында (бұдан әрі – аумақтық әділет органдары) құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өтеді.
Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.
Комиссия жеті мүшеден – үш адвокаттан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Адвокаттардың кандидатураларын адвокаттар алқасының президиумы айқындайды және комиссияның құрамына қосу үшін аумақтық әділет органына ұсынады.
Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнінен бастап жаңа мүшесі бір айдан кешіктірілмей құрамға енгізіледі.
Полная версия