"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және барлық еңбекке қабілетті сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұлғайту жөнінде жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 335 Қаулысы
Редакция 18.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорын қызметінің мәні қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 335 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Астана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Астана қаласы 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Ақтөбе" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе қаласы 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Атырау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау қаласы 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Тараз" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тараз қаласы 5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Орал" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Орал қаласы 6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Қызылорда" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда қаласы 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Ақтау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтау қаласы 8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Павлодар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар қаласы 9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Қызылжар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы 10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Шымкент" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шымкент қаласы 11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Семей" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей қаласы 12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Алматы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы 13. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Тас" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы 14. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Көкшетау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Көкшетау қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 335 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (08.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республиканың мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
реттік нөмірлері 2, 3, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19 жолдар алынып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 79 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2016 жылы № 37 (2875865) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия