Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 Қаулысы
#$Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Осы редакция 18.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру  нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 41, 388-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 376 қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 210-құжат);
3) "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1130 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 382-құжат).
3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 
2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.07.2007 № 628, 26 (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі).02.2009 № 220, 18.06.2010 № 613 Қаулыларымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 30 сәуірдегі
 N 352 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 
1. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тізілімін жүргізу ережесінде: 
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
Полная версия
ИС BestProfi