"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 23.06.2015 жылғы № 379 Бұйрығын қараңыз
Редакция 21.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысымен бекітілген
Құжат мәтініндегі «нысан бойынша», «нысандар бойынша» сөздері алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысы бойынша (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» сөздері «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 жылғы № 2305 Қаулысы бойынша (20.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Кіші бөлім және 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысымен (24.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
Кіші бөлім 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы № 1356 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 573 Қаулысымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2013 жылғы № 641 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап) 7-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2014 жылғы № 521 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;
2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
Полная версия