Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1325 Қаулысы
Осы редакция 26.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін. 
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы алып тасталсын. 
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 792 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 335-құжат). 
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi