Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.02.2020 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 325 Қаулысымен (29.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі — Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.04.2016 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры (бұдан әрі – тұрақтандыру қоры) – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарындағы аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған астықты қоса есептегенде азық-түлiк тауарларының, оның ішінде астықтың жедел қоры;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1168 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28761) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
4. Комиссия төрағасы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), әкімінің орынбасары болып табылады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. Комиссияның сандық құрамы тақ және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
7. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жұмыс органы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алады.