Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2013
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 01.02.2013 № 81 қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1328 (20.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен
 Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1328 Қаулысымен; (20.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1328 Қаулысымен (20.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 
10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы»"мүлікті бағалау" деген сөздерден кейін "(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
1)»"Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 25 мамырдағы
 N 419 қаулысымен
 бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1328 Қаулысымен (20.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 25 мамырдағы
 N 419 қаулысымен
 бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.04.2010 № 318 (28.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
2. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;
2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өтуі;
3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.05.2011 № 552 Қаулысымен (15.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
2-1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.
Біліктілік талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.05.2011 № 552 Қаулысымен.(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
3. Заңды тұлғаның штатында мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.05.2011 № 552 Қаулысымен (15.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 25 мамырдағы
 N 419 қаулысымен
 бекітілген
Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 15.04.2010 № 318 (28.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
2. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;
2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өтуі;
3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.05.2011 № 552 Қаулысымен (15.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
2-1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.
Біліктілік талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.05.2011 № 552 Қаулысымен.(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.05.2011 № 552 Қаулысымен (15.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
Полная версия
ИС BestProfi