Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 Қаулысы
1-тармақты қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қоса берiлiп отырған:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.01.2013 жылғы № 56 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.01.2013 жылғы № 56 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2012 жылғы 20 ақпандағы
 № 244 қаулысына
 1-қосымша
Қайта аталатын кәсіпорындардың тізбесі
1. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
2. «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
3. Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» республикалық мемлекеттiк мекемесiне.
5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
Полная версия
ИС BestProfi