Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 481 Қаулысы
#$Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Осы редакция 23.09.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының»" Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі; 
2) туроператорлық, турагенттік қызметке, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Туристік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 445-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»11 маусымдағы
 N 481 қаулысымен
 бекітілген
Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі 
1. Осы Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы 
көрсететін қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі -»"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі -»"Лицензиялау туралы" Заң) заңдарына сәйкес әзірленді және туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Лицензиялауды жеке немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу орны бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) атқарушы органдар жүзеге асырады.
3. Жүзеге асыруға арналған лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
Полная версия
ИС BestProfi