Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2014
Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2014 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР 16.05.2014 жылғы № 202-V Заңына сәйкес
Редакция 07.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.
2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3-бап өзгертілді  ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV  Заңына сәйкес (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді  ҚР 10.07.2012  жылғы №36-V Заңына сәйкес (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;
3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi – өтініш беруші, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат;
3-2) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4-1) лицензиардың электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;
Полная версия
ИС BestProfi