Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы N 73 Қаулысы
Редакция 23.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Үкiметтің кейбiр шешiмдерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2005 жылғы 28 қаңтардағы
 N 73 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат): 
1, 3, 5, 6-тармақтардағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақтағы "Ақпарат бiрiншi вице-министрi Олег Григорьевич Рябченко" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 17.09.2012 № 1207 Қаулысымен. (29.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен)
4. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
реттiк нөмiрi 21-29-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
5. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiмде: 
реттiк нөмiрi 224-17-жолдағы "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
6. "Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 24 сәуiрдегі N 545 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 15, 191-құжат): 
2-тармақтың бесiнші абзацындағы "Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 268-құжат): 
2-тармақтағы "Мәдениет" деген сөзден кейiн ", ақпарат және спорт" деген сөздермен толықтырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: 
"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты" деген 1-бөлiмде: 
"Негізгі iс-шараларды орындаушылар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi."; 
"Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: 
"Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда: 
реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 15, 16, 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, Ақпарат және мұрағат комитетi"; 
реттік нөмiрлерi 5, 12, 13, 17, 18, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
8. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптің оң беделiн нығайту жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1766 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., 49-50, 594-құжат): 
3-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасында: 
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде: 
"Негiзгi орындаушылар" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 9-бөлімде: 
"Iске асыруға жауаптылар" деген бағанда: 
реттік нөмiрлерi 1, 6, 7, 9, 12, 13, 16, 20, 21, 23, 24, 26-жолдардағы "ТЖА" деген аббревиатура "ТЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрi 14-жолдағы "ТЖА" және "ТСА" деген аббревиатуралар "TЖM" және "МАСМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрi 15-жолдағы "Мәдминi" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрi 17-жолдағы "Ақпаратминi" деген сөз "MACM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрлерi 19, 22, 27-жолдардағы "Ақпаратмині" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "MACM" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрi 25-жолдағы "Ақпаратмині, Мәдениетминi" деген сөздер "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 199 Қаулысымен (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(21.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2009. № 598 Қаулысымен)
11. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 126-құжат): 
3, 4-тармақтардағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын; 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтік емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: 
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгі" деген 5-бөлiмнiң 5.8-бөлiмшесiнде: 
үшінші абзацтағы "қоғамдық келiсiм" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде: 
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда: 
реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19-жолдардағы "Ақпаратмині" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттік нөмiрлерi 4, 14-жолдардағы "TуpCA" және "КДА" деген аббревиатуралар алынып тасталсын; 
реттік нөмiрлерi 4, 15-жолдардағы "(Ақпаратминi)" деген сөз "(МАСМ)" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 
"Қабылданған қысқартулар" деген бөлiмде: 
"КДА - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөнiндегi агенттігi " және "ТурСА - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі" деген жолдар алынып тасталсын; 
"Ақпаратмині" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"MACM - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi".
12. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.07.2007. № 633 Қаулысымен. (15.11.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.11.2006. № 1082 қаулысымен (05.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi)
14.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.12.2005. № 1197 қаулысымен. (28.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
15. "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөнiндегі 2004-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 ақпандағы N 219 қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: 
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "Ақпаратминi" және "КБА" деген сөзбен аббревиатура "МАСМ" және "Қаржыминi" деген сөзбен және аббревиатурамен ауыстырылсын; 
реттiк нөмiрi 5-жолдағы "КБА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"Ақпаратминi", "КБА" және "ҚПA" деген аббревиатуралар "МАСМ", "Қаржыминi" және "ЭСЖҚА" деген аббревиатуралармен және сөзбен ауыстырылсын; 
"ҚДА" деген аббревиатура алынып тасталсын; 
"КБА - Кедендiк бақылау агенттігі" деген сөздер алынып тасталсын; 
"Ақпаратминi - Ақпарат министрлiгі" және "ҚПА - Қаржы полициясы агенттiгi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
"МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi; 
ЭСЖҚА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)".
16. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (17.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi