Близость слов: Окончание:





Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы»23 сәуірдегі
 N 381 қаулысына
 қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Республиканың аграрлық секторы үшін құрылыс материалдарын жеткізу бойынша квоталар туралы" Қазақ КСР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 26 қарашадағы N 736 қаулысы.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434  қаулысымен  бекітілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тізбесінің 12, 15-тармақтары.
3. "Тұрғын жайларды айырбастауды ресімдеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 453  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 21, 260-құжат).
4. "Қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы N 661  қаулысы.
5. "Юбилейное" кен орнын Қазақстан-Француз "Кожемалтын" бірлескен кәсіпорнына пайдалануға беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі N 413  қаулысы.
6. "Шағын бизнес орталықтарының республикалық желісін құру және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 маусымдағы N 849  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 248-құжат).
7. "Қарағайлы кен байыту комбинаты" акционерлік қоғамын қаржы-шаруашылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30 маусымдағы N 903  қаулысы.
8. "Текелі қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1115  қаулысы.
9. "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылай сауықтыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 қыркүйектегі N 1252  қаулысы.
10. "Республикалық бюджеттің 1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаражатын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 қазандағы N 1310  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 404-құжат).
11. "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қайта құру және қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 3 қарашадағы N 1446  қаулысы.
12. "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржылай сауықтандыру процедуралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 1739  қаулысы.
13. "Қазақстан түсті металдары" ұлттық акционерлік компаниясы кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметіндегі елеулі кемшіліктер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1893  қаулысы.
14. "Текелі қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылай сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 қаңтардағы N 19  қаулысы.
15. "Жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қаңтардағы N 124  қаулысы.
16. "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 ақпандағы N 251  қаулысы.
17. "1996 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген республикалық бюджеттің қаражатын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 наурыздағы N 344  қаулысы.
18. "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы мемлекеттік акциялар пакетінің бір бөлігін сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 шілдедегі N 858  қаулысы.
19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 46, 68-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
21. "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру және машина жасау кешенінің басқа кәсіпорындармен кооперациялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 қарашадағы N 1414  қаулысы.
22. "Текелі қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын дағдарыстан шығару жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 698  қаулысы.
23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 сәуірдегі 
N 698 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 шілдедегі N 1100  қаулысы.
24. "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттік холдинг компаниясын қаржылық оңалту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № N 1299  қаулысы.
25. "Қазақалтын" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1300  қаулысы.
26. "Ертіс химия-металлургия заводы" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы N 1426  қаулысы.
27. "Каскор" акционерлік компаниясының тау-кен қайта өңдеу кешенін консервациялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 ақпандағы N 113  қаулысы.
28. "Сәулет-қала құрылысы саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 қарашадағы N 1187  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 44, 445-құжат).
29. "Қазақстан әйелдерінің қатысуымен кәсіпкерлікті дамытудың жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1323  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 49, 390-құжат).
30. "Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің штат санын ұлғайту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 тамыздағы N 1112  қаулысы.
31. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175  қаулысы.
32. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2000 жылға арналған негізгі іс-шараларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 маусымдағы N 923  қаулысы.
34. "Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қарашадағы N 1713  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 565-құжат).
35. "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 77  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 19-құжат).
36. "Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001 - 2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 353  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 116-құжат).
38. "Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 мамырдағы N 649  қаулысы.
39. "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 921  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 26, 317-құжат).
40. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының 2001 - 2003 жылдар кезеңіне арналған несие саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 1187  қаулысы.
41. "Тараз қаласы "Химпром" ашық акционерлік қоғамының өндірістік қуатын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1242  қаулысы.
42. "Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 47, 553-құжат).
43. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 921 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 871  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 280-құжат).
44. "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54  қаулысының  2-тармағы.
45. "Қазақстан Республикасының металлургия кешенінде төртінші және бесінші қайта бөлістердің өндірістерін құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудің 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 243  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 10, 120-құжат).
46. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы 
N 1175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 мамырдағы N 432  қаулысы.
47. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 462  қаулысының  3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 208-құжат).
48. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 523  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 25, 229-құжат).
49. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 581  қаулысы.
50. "Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 750  қаулысы.
51. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996 және 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 40, 425-құжат).
52. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 132  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 5, 75-құжат).
53. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенінің тұрақты жұмыс істеуін және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004 - 2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 187  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 8, 104-құжат).
54. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1956 және 2001 жылғы 16 наурыздағы N 353 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 387  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 16, 203-құжат).
55. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 54 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 393  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 16, 207-құжат).
56. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат).
57. "Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары директорлар кеңестердің құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі N 791  қаулысының  1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 28, 370-құжат).
58. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 827  қаулысы.
60. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 250  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 13, 140-құжат).
61. 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, "Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 430  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 232-құжат).
62. "Қазақстан Республикасының халқын тіркеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 761  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 404-құжат).
63. 9-тармағын қоспағанда, "Тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 285  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 127-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi