Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2009
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (23.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 23.04.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2000. № 1378 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысымен Бекiтiлген
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың Тiзбесi
1. Кен-металлургия кешенiнiң ресурс үнемдеушi аса тиiмдi технологиялары негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану.
2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
3. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру.
4. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту.
5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту.
6. Ғаламдық экологиялық және табиғи-ресурс мониторингiн жасау.
7. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту.
8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинаудың дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру.
9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу.
10. Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету.
10-1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 21.03.2003 № 288 Қ аулысымен. (18.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары.
12. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 23.04.2008 № 381 Қаулысымен. (24.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 21.03.2003 № 288 қаулысымен. (18.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту.
15. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 23.04.2008 № 381 Қаулысымен. (24.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
16. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 05.04.2005 № 307 Қаулысымен. (25.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
17. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
18. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу.
19. Әр түрлi мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзiрлеу.
20. 2007-2009 жылдарға арналған»"Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кластерді дамытуға арналған бірегей, экспортқа бағдарланған фитопрепараттарды әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру.
Тiзбеге өзгертілді ҚР Үкіметінiң 24.10.1996. № 1294, 09.12.1996. № 1502, 21.08.1995. № 1142, 09.01.1998. № 2, 08.01.1999. № 15, 01.08.2000. № 1167, 11.09.2000. № 1378, 29.12.2000. № 1956, 16.03.2001. № 353, 26.06.2001. № 871, 24.07.2001. № 996, 13.03.2003. № 243, 18.03.2003. № 263, 21.03.2003. № 288, 04.02.2004. № 135, 06.02.2004. № 147, 17.02.2004. № 187, 25.06.2004. № 703, 05.04.2005. № 307, 13.04.2006. № 274, 24.05.2007. № 417, 23.04.2008 № 381 Қаулыларымен.
Полная версия