Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2009
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына өзгерiстер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 288 қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (21.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiнде: 
10-1 және 13-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2003 жылғы 21 наурыздағы N 288
 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 1999-2003 жылдар кезеңiне арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 60-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N 1886 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 536-құжат).
3. "Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының жаппай көбеюi мен таралуының алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi республикалық бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 мамырдағы N 772 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 269-құжат).
4. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" республикалық мақсатты бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 1 тамыздағы N 1167 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 398-құжат).
5. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіруді, қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1378 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 466-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 қарашадағы N 1546 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 41-42, 530-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi