Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.05.2010
Қазакстан Республнкасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 1383 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 18.05.2010 № 427 Қаулысымен. (15.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде:
жиырма сегізінші абзацтағы "веб-сайттарын" деген сөздер "интернет-ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ақпараттық жүйелерді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"электрондық үкімет" қалыптастыруда" деген сөздер "мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi