Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 Қаулысы
Осы редакция 18.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 368 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 164-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 2319 қаулысымен
 бекітілген
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден
 субсидиялар төлеу ережесі
1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларды және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде 010 «Мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің дамуын жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруға арналады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қолдау нысандарын қозғамайтын бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары сыныпты асыл тұқымды жануарларды сатып алуға, күтуге және өз төлі есебінен кең ауқымда өсіру үшін мал басын толықтыратын төлді өсіру шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетушілерге шығындарды 50 %-ға дейін өтеу;
3) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтың (бұдан әрі - жабдық) және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы техниканың (бұдан әрі - техника) құнын 50 % -ға дейін, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған жабдық пен техниканың құнын өтеу;
4) республикалық бюджеттен субсидияланатын салаларды қоспағанда, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға пайдаланылатын құрама азықтың құнын 50 %-ға арзандату;
5) ірі және құнарлы азық өндіру мен дайындауға жұмсалған шығындарды 50 %-ға дейін өтеу;
Полная версия
ИС BestProfi