Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы
Редакция 16.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне және сот практикасын одан әрі қалыптастырудың қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдану тәжірибесі туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 9 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметпен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және тұтынушылар – жеке тұлғалар, яғни жеке тұрмыстық қажеттіліктері үшін тауарларды сатып алатын және пайдаланатын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беретін не осындай ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі – АК) және тауарларды сатушылардың не оларды өндірушілердің, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты реттейді (АК-нің 19-бабы ) және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жасалатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК-нің 4,  383-баптары ).
Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және көрсетілетін өзге де қызмет салаларындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді (Заңның 2-бабының 2-тармағы ).»;
бірінші абзацтағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «Заңның 2-бабының 2-тармағы және» деген цифрлар мен сөздер алып тасталсын;
4) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жалпы ережеге сәйкес (АІЖК-нің 31-бабы ) талаптар жеке тұлғаларға олардың тұрғылықты жері бойынша және заңды тұлғаларға – олардың тұрған жері бойынша қойылады. Сонымен қатар талап қоюшының таңдауы бойынша (АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігі ) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалған немесе орындалған орны бойынша қойылуы мүмкін, сондықтан талап арызды қабылдаған кезде соттар талапкердің істі қарау орнын таңдау құқығын ескеруге тиіс.»;
5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңның 42-бабымен тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының талаптарын шешудің алдын ала соттан тыс тәртібі белгіленген. Егер аталған ұйымдар істі реттеудің тәртібін сақтамаса және мұндай мүмкіндік болса, судья арызды АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кері қайтарады.
Заңмен тұтынушы үшін талаптарды шешудің соттан тыс тәртібі көзделмеген.
Полная версия
ИС BestProfi