1. Қоса беріліп отырған 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 06.04.2011
2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1260 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 380 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасы халқының арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жандандыру және жетілдіру үшін бірыңғай жүйені құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Мемлекеттік органдар мен Бағдарламаның іске асырылуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға мен 25 шілдеге жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1260 қаулысымен бекітілген
2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Полная версия