«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру (бұдан әрi - Заңдар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарын (бұдан әрi - Заңдар) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6219 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Осы редакция 24.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендiру нөмiрлерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
#$2-тармаққа өзнерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 15.07.2010 № 111 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Заң департаментi (Н.В. Сәрсенова):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына, «Қазақстан депозиттерге кепiлдiк беру қоры», «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
4. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) «Кредиттік тіркелім» және «Екінші деңгейдегі банктерден алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсiн.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесi
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережені бекіту жөнінде» 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1180 тiркелген):
осы қаулымен бекiтiлген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережесiнде:
7-1-тармақта «мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмесін» деген сөздер «мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының « Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2124 тiркелген):
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiнде:
Полная версия