1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3870
Осы редакция 22.08.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 782 тіркелген, 1999 жылы "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 8 журналында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2397 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3400 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3571 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
31 тамыз 2005 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына N 1 қосымша
Полная версия