Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2016
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 мамырда № 7682 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – Өзгерістер мен толықтырулар) енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының тоқсаныншы, 3-тармағының қырық жетінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 28 сәуірдегі
 № 172 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
«1. Банктiң жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi»;
«1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген) белгiленген.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн жағдайда ғана сатып алады.»;
«2. Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенті»;
Полная версия
ИС BestProfi