"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2015
Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есептілігі, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 67 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5671 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.05.2015 жылғы № 75 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Ислам банктерi пруденциалдық нормативтердi орындауы жөнiндегi мынадай есептiлiктердi ұсынады:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пруденциалдық нормативтердi орындауы жөнiндегi есеп;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттiк тәуекелдi есепке ала отырып мөлшерленген активтер талдамасы;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттiк тәуекелдi есепке ала отырып мөлшерленген шартты және ықтимал мiндеттемелер талдамасы;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уақыт аралығы бойынша (валюталар бойынша) ашық позицияларды бөлу;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздарының жалпы нарықтық тәуекелi есебiнiң талдамасы;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акциялардың нарықтық құнының немесе акция индексінiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелдiң талдамасы;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валюталарының айырбас бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелдiң талдамасы;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар-материалдық қорларының нарықтық құнының өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелдiң талдамасы;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiр қарыз алушыға тиесілі барынша жоғары тәуекелдiң талдамасы;
10-1) осы қаулының 10-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бір қарыз алушыға келетін ең жоғарғы тәуекелді талдау (қарыз алушылар бөлігінде);
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4 ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң талдамасы;
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4-1 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентiнiң талдамасы;
13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4-2 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентiнiң талдамасы;
14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4-3 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентiнiң талдамасы;
15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4-4 мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициентiнiң талдамасы;
Полная версия