«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7739 тіркелді
Осы редакция 29.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3350 тіркелген);
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 тіркелген);
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қосымшаның 9-тармағы;
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 10-тармағы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысымен бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары
Осы Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы », 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы » Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шарттық міндеттемелер бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік) беру тізбесін, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акционер – қарыз алушының (тең қарыз алушының) жай акцияларының он және одан көп пайызы мөлшеріндегі акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;
Полная версия