Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2019
Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7739 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Төрағасы                                          Г. Марченко Қазақстан Республикасының 
 Ұлттық Банкі Басқармасының 
 2012 жылғы 28 сәуірдегі  
 № 174 қаулысына     
 қосымша           
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3350 тіркелген);
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 тіркелген);
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қосымшаның 9-тармағы;
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 10-тармағы.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 28 сәуірдегі
 № 174 қаулысымен
 бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары
Осы Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілік беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 108 Қаулысымен (29.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;
1-1) есептілік – қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2) басшы – құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi