Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 108 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8536 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 жылғы № 313 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:
«Осы Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілік беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.»;
«4-1. Заңды тұлғаларға берілген қарыздар мен шартты және болуы мүмкін міндеттемелер бойынша мәліметтерден (№ 1 нысан), жеке тұлғаларға берілген қарыздар мен шартты және болуы мүмкін міндеттемелер бойынша мәліметтерден (№ 2 нысан), овердрафт қарыздары және клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша қарыздар жөніндегі № 1 мен № 2 нысандарда көрсетілмеген жиынтық ақпараттан (№ 3 нысан) тұратын есептілік Қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органға электрондық форматта есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кеш емес мерзімде мынадай кезеңділікпен беріледі:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
«Екінші деңгейдегі банктердің,
«Қазақстанның Даму Банкі»
акционерлік қоғамының және
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қарыздар мен шартты міндеттемелер
бойынша есептілікті беру қағидаларына
2-1-қосымша
1) «БСН (СТТН)» деген реттік нөмірі 7-бағанда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша СТТН ұсыну міндетті. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша БСН ұсынылады. Қазақстан Республикасының резиденттері еместер бойынша ақпарат ұсынылмайды.
2) «КҰЖЖ коды» деген реттік нөмірі 8-бағанда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері бойынша КҰЖЖ кодын ұсыну міндетті, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер бойынша міндетті емес. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша ақпарат ұсынылмайды.
3) «Жіктеу санаты» деген реттік нөмірлері 31 және «Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы» деген 48-бағандарда «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы ақпарат ұсынбайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) күші жойылды деп танылған күннен бастап банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпарат ұсынбайды.
1) «ЖСН (СТТН)» деген реттік нөмірі 9-бағанда 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша СТТН ұсыну міндетті. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қарыздар (шартты міндеттемелер) бойынша ЖСН ұсынылады. Қазақстан Республикасының резиденттері еместер бойынша ақпарат ұсынылмайды.
2) «Жіктеу санаты» деген реттік нөмірлері 31 және «Уәкілетті органның талаптарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы» деген 48-бағандарда «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы ақпарат ұсынбайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) күші жойылды деп танылған күннен бастап банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпарат ұсынбайды.
1) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес нақты қалыптастырылған резервтер (провизиялар) сомасы» деген реттік нөмірі 8-бағанда «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы ақпарат ұсынбайды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) күші жойылды деп танылған күннен бастап банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпарат ұсынбайды.».