Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7439 тіркелді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Осы қаулының 3-тармағының он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші абзацтары, 4-тармағының он екінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, 5-тармақтың он үшінші, елуінші, елу бірінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші абзацтары, 6-тармақтың тоғызыншы, отызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Төрағасы                                   Г. Марченко Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 30 қаңтардағы
 № 20 қаулысына қосымша  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетакы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 сәуірде № 3603 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Зейнетақы қорында 2011 жылғы 31 желтоқсанда болған инвестициялық портфелін консервативтік және қалыпты инвестициялық портфельдеріне бөлуді жүзеге асыруда консервативтік инвестициялық портфельде әділ құны бойынша бағаланатын, өзгерістері кірістің немесе шығынның құрамында көрсетілетін, сату үшін қолда бар, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 тамызда № 5794 болып тіркелген) 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдары және ақша есепке алынады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітіліген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
«36. Банк болып табылмайтын бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын өзімен үлестес емес банктерде және/немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасу үшін арналған ақшаға қатысты бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктер мынадай критерийлердің біреуіне сәйкес келулері:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі болуы;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес-бас банктің резидент-еншілес банктері болып табылуы;
қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер болып табылуы тиіс»;
Полная версия
ИС BestProfi