Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7534 тіркелді
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 ақпандағы
 № 87 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидалары
Осы Қағидалар «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу шарттары мен тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың қолданылуы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялау бөлігінде екінші деңгейдегі банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы (бұдан әрі - қаржы орталығының қатысушысы) ретінде аккредиттеуге екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлар және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымы жатпайды.
1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
1. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
2) лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;
3) заңды тұлға ретінде (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы жарғының және куәліктің көшірмелерін;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
5) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің ақы төлеуді растайтын құжаттарын;
Полная версия
ИС BestProfi