Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.02.2014
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7534 тіркелді
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 12.05.2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 87 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар берудің талаптары мен тәртібі туралы қағидалар
Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң),  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруды лицензиялау бөлігінде Қағидалар екінші деңгейдегі банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.
1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
1. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
2) лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;
3) жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының немесе куәлігінің (салыстыра тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған) көшірмелерін;
3-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
5) өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің ақы төлеуді растайтын құжаттарын;
6) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
7) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 2, 3 -қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
Полная версия
ИС BestProfi