1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 138 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6558 болып енгізілді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қордың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
12. Қор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) қаулысына сәйкес инвестициялау нәтижесінде сатып алынған активтермен ақы төлеуді жүзеге асырады.
13. Қор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуді сақтандыру портфелін табыс ету туралы шартты жасасқан күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
14. Қор кепілдік төлемдерін Заңның 15-бабында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 тіркелген) қаулысында белгіленген тәртіпте және талаптар бойынша жүзеге асырады.»;
«1) сақтандыру ұйымы – қатысушымен қатысу шартын жасасуға;»;
8-1) тармақшадағы «сақтандыру ұйымы – қатысушының» деген сөздер «бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын қосқанда, сақтандыру ұйымы – қатысушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия