Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 344 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
 жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2012 жылғы 21 маусымдағы
 № 344 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; № 14. 408-құжат):
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері агенттігі                               215
Соның ішінде аумақтық органдар                        173»        деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын;
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері агенттігі                               292  оның ішінде аумақтық органдар                         237».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілер тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына («Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат, 2005 ж, № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескерутді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж, № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
«В санаттарының тобы» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (орталық аппараты)»;
«Президеттің Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Президенттің Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі».
Полная версия
ИС BestProfi