Близость слов: Окончание:





Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығы
Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2013 жылғы № 555 Жарлығымен (19.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 32 және 36-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 30.10.2017 жылғы № 570 Жарлығымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2013 жылғы № 555 Жарлығымен (19.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 30.10.2017 жылғы № 570 Жарлығымен (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2011 жылғы 19 мамырдағы
 № 86 Жарлығына
 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтері, ауылдары (селолары), кенттері әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 595-құжат; 2005 ж., № 30, 379-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1484 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1613 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 379-құжат)
3. «Аудандардың, облыстық мәні бар қалалардың, қалалардағы аудандардың әкімдерін тағайындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 339 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 196-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi