Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2009
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Кодексі
Күші жойылды ҚР 04.12.2008 № 95-IV Кодексімен (21.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 245-баптан қараңыз)
#$ҚР 22.11.2005. № 90 Заңымен енгізілген өзгерістер әртүрлі уақытта қолданысқа енгізілген. Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.(2-бапты қараңыз)
Осы Кодекс бюджеттiк және бюджетаралық қатынастарды реттейдi және бюджет жүйесi жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негiзгi ережелерiн, принциптерi мен тетiктерiн белгiлейдi.
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кoдексте көзделген өзге де нормативтiк құқықтық   актiлерден тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
1-1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң мемлекеттiк мекемелерге қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.
1-2.
2-бап 1-2-тармақпен толықтырылдыҚР 06.12.2007. № 7 тармақша 2008 жылғы 31 желтоқсанда өз қолданысын тоқтатады) Заңының 1-бабы 1) тармақшасымен.(1)
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Егер заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады.
2-бап өзгертілді ҚР 05.07.2006. № 165, 06 (05.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).12.2007. № 7 Заңдарымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, 2008 жылғы 31 желтоқсанда өз қолданысын тоқтатады)
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
Полная версия
ИС BestProfi