Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 28.08.2008
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 және 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 мамырдағы N 522 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.08.2008 № 781 Қаулысымен. (05.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 05.02.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1)
2) "Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi жылға арналған астықты мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгi сатып алуға арналған сомалар мөлшерiнде бiр жолғы төлемдермен тапсырыс бepушiгe бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.". Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия