1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.02.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 283 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 372 Жарлығының 4-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 283 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына - бес таңбалы нөмірі бар телефондарды;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси мемлекеттік қызметшілеріне; ведомстволардың басшыларына - үкіметтік АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмірі бар телефондарын;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); ведомстволардың басшыларына, олардың орынбасарларына; департаменттердің басшыларына, олардың орынбасарларына; басқармалардың бастықтарына, олардың орынбасарларына (заңнамаға сәйкес осындай лауазым болғанда) - республика ішінде қалааралық байланысты;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға), ведомстволардың басшыларына - ТМД елдерімен халықаралық байланысты;
Үкімет мүшелеріне - алыс шет елдермен халықаралық байланысты пайдалану құқығы берілсін.".
2. "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ережеде:
12-тармақта "мен оның орынбасарларына," деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғасына)" деген сөздермен толықтырылсын.
Полная версия