Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы N 283 Қаулысы
Редакция 30.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 372 Жарлығының 4-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 25 наурыздағы
 N 283 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 31.03.2011 № 335 Қаулысымен. (11.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы № 1126 Қаулысымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
      3. "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 461-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацында "қызметкердің" деген сөзден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын;
"көрсете отырып," деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын; 
"басшы" деген сөз "орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "мерзімін", "мерзімі" деген сөздерден кейін тиісінше "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда -", "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың үшінші абзацында "Мемлекеттік мекеменің басшысы" деген сөздер "Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың екінші абзацында "жұмыс істейтін" деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 454-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
2-тармақта "және мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың тоғызыншы абзацында "мемлекеттік органның бірінші басшысына" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға)" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың үшінші абзацында "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздерден кейін "немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның)" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта "заңнамасына сәйкес" деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 11.10.2010 № 1049 Қаулысымен (26.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 26.02.2009. № 220 Қаулысымен (25.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия
ИС BestProfi