Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
"Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 1208 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
1. "Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
реттік нөмірі 3-жолдың 3-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы және оның орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия