Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (12.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (12.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (12.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыны іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
3. Бюджет қаражаты есебінен ұялы телефондар сатып алуға, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы төлейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларында пайдаланылатын стационарлық ұялы терминалдарынан шалынған қоңырауларды қоспағанда, ұялы телефондардан шалынған қоңырауларға ақы төлеуге жол берілмейді.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.07.2011 № 756 Қаулысымен. (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін жаңа объектілерді жобалау мен салу кезінде міндетті болып белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулы қабылданғаннан кейін алты ай ішінде осы нормаларға сәйкес мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар пайдаланатын алаңдарды, қызметтік және арнайы автокөлікті түгендеуді жүргізсін және артық қызметтік алаңдар мен автокөлікті қысқарту, оның ішінде оларды қайта бөлу арқылы қысқарту жөнінде шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдар нормалары
#$Нормаларға өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1148 Қаулысымен.
Р/с № | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайдың алаңы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар | |||
1* | Басшының кабинеті | шаршы м | 54 |
Басшының демалыс бөлмесі | шаршы м | 15 | |
Басшының қабылдау бөлмесі | шаршы м | 12 | |
2 ** | Басшы орынбасарының (жауапты хатшының) кабинеті | шаршы м | 36 |
Басшы орынбасарының (жауапты хатшының) демалыс бөлмесі | шаршы м | 12 | |
Басшы орынбасарының (жауапты хатшының) қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
3 | Мемлекеттік орган қызметкерлерінің саны: 100-ге дейін | шаршы м | 25 |
100-ден жоғары болған кезде құрылымдық бөлімшесі (комитет) басшысының кабинеті | 36 | ||
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі (комитет) басшысының демалыс бөлмесі | шаршы м | 10 | |
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі (департамент, бөлім) басшысының кабинеті | шаршы м | 25 | |
Құрылымдық бөлімше (комитет, департамент, бөлім) басшысының қабылдау бөлмесі | шаршы м | 7 | |
4 | Құрылымдық бөлімше (комитет) басшысы орынбасарының кабинеті | шаршы м | 20 |
5 | Құрылымдық бөлімше басшысы орынбасарының кабинеті (департамент, бөлім) | шаршы м | 15 |
6 | Мемлекеттік орган қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
7 | Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, гардероб, серверлік, жабдықтар, нысанды киім-кешек, дәрі-дәрмек, техникалық құралдар, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтары және т.б. қоймалары) | шаршы м | жиынтығының 30 %-ы |
8 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және басқалар) | шаршы м | жиынтығының 25 %-ы |
Орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары | |||
9*** | Басшының кабинеті | шаршы м | 25 |
Басшының демалыс бөлмесі | шаршы м | 10 | |
Басшының қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
10 | Басшы орынбасарының кабинеті | шаршы м | 20 |
11 | Қызметкердің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
12 | Ортақ үй-жайлар (мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, серверлік, жабдықтар, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтары және т.б. қоймалары) | шаршы м | жиынтығының 25 %-ы |
13 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және т.б.) | шаршы м | жиынтығының 20 %-ы |
Орталық мемлекеттік органдардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) аумақтық органдары **** | |||
14 | Басшының қабілеті | шаршы м | 20 |
Басшының қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
15 | Басшы орынбасарының кабинеті | шаршы м | 15 |
16 | Қызметкердің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
17 | Ортақ үй-жайлар (мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, серверлік, жабдықтар, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтары және т.б. қоймалары) | шаршы м | жиынтығының 20 %-ы |
18 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және басқалар) | шаршы м | жиынтығының 20 %-ы |
Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар | |||
19***** | Облыс (Астана, Алматы қаласы) әкімінің кабинеті | шаршы м | 54 |
Облыс (Астана, Алматы қаласы) әкімінің демалыс бөлмесі | шаршы м | 15 | |
Облыс (Астана, Алматы қаласы) әкімінің қабылдау бөлмесі | шаршы м | 12 | |
20 | Облыстың (Астана, Алматы қаласының) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) кабинеті | шаршы м | 36 |
Облыстың (Астана, Алматы қаласының) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) демалыс бөлмесі | шаршы м | 12 | |
Облыстың (Астана, Алматы қаласының) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
21 | Облыстың (Астана, Алматы қаласының) әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі басшысының кабинеті | шаршы м | 12 |
22 | Облыс (Астана, Алматы қаласы) әкімінің аппараты қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
23 | Атқарушы орган басшысының кабинеті | шаршы м | 30 |
Атқарушы орган басшысының демалыс бөлмесі | шаршы м | 10 | |
Атқарушы орган басшысының қабылдау бөлмесі | шаршы м | 7 | |
24 | Атқарушы органның басшысы орынбасарының кабинеті | шаршы м | 20 |
25 | Атқарушы орган қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
26 | Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, қызмет көрсетуші персоналға арналған үй-жай, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, гардероб, серверлік, жабдықтар, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтары және т.б. қоймалары) | шаршы м | жиынтығының 25 %-ы |
27 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және т.б.) | шаршы м | жиынтығының 20 %-ы |
облыстық және оларға теңестірілген соттар үшін | жиынтығының 25%-ы | ||
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар | |||
28 ****** | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің кабинеті | шаршы м | 36 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің демалыс бөлмесі | шаршы м | 10 | |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қабылдау бөлмесі | шаршы м | 10 | |
29 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) кабинеті | шаршы м | 20 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарының (аппарат басшысының) қабылдау бөлмесі | шаршы м | 7 | |
30 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты құрылымдық бөлімшесі басшысының кабинеті | шаршы м | 9 |
31 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
32******* | Атқарушы орган басшысының кабинеті | шаршы м | 15 |
33 | Атқарушы орган қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
34 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің кабинеті | шаршы м | 15 |
35 | Аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараты қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы м | 7,5 |
36 | Ортақ үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, қызмет көрсетуші персоналға арналған үй-жай, мұрағат, көбейту-көшірме қызметі, гардероб, серверлік, жабдықтар, мүкәммал мен кеңсе керек жарақтары және т.б. қоймалары) | шаршы м | жиынтығының 20 %-ы |
37 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және т.б.) | шаршы м | жиынтығының 20 %-ы |
Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары | |||
38 | Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы төрағасының кабинеті | шаршы м | 36 |
Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы төрағасының демалыс бөлмесі | шаршы метр | 12 | |
Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы төрағасының қабылдау бөлмесі | шаршы метр | 10 | |
39 | Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы мүшесінің кабинеті | шаршы метр | 20 |
40 | Облыстың (Астана, Алматы қаласының) тексеру комиссиясы қызметкерінің кабинеті (1 қызметкерге) | шаршы метр | 7,5 |
41 | Жалпы үй-жайлар (конференц-зал, мәжіліс залы, қызмет көрсетуші персоналға арналған үй-жай, мұрағат, көшірме-көбейту қызметі, гардероб, серверлік жабдық, мүкәммал және кеңсе керек-жарақ қоймалары және т.б.) | шаршы метр | Жиынтығының 25 %-ы |
42 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, венкамералар, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және т.б.) | шаршы метр | Жиынтығының 20 %-ы |
Ескертпе:
* нормативтер сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органға қолданылады;
** нормативтер сондай-ақ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелеріне, Жоғарғы Сот судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелеріне, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Бас прокуратура, Президенттің Іс басқармасы аппаратының басшыларына қолданылады;
*** нормативтер сондай-ақ:
облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана прокурорына, прокурордың орынбасарына қолданылады;
**** нормативтер сондай-ақ:
аудан (облыстық маңызы бар қаланың) прокурорына, прокурордың орынбасарына қолданылады;
***** нормативтер сондай-ақ облыстық сот төрағасына қолданылады;
****** нормативтер сондай-ақ облыстық соттың сот алқасының төрағасы мен қала және аудан сотының төрағасына қолданылады;
******* нормативтер сондай-ақ облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларына және кеңсе меңгерушілеріне қолданылады;
******** егер мемлекеттік органдардың ғимараттарында қызметтік үй- жайларды жоспарлаудың ерекшелігі осы алаңдарды қысқартуға мүмкіндік бермесе, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, олардың орынбасарларының, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдардың), аппарат басшыларының (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда), ведомстволар мен департаменттер басшыларының, олардың орынбасарларының, бөлім меңгерушілерінің, аудан, облыстық маңызы бар қала, облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің және олардың орынбасарларының қызметтік алаңдарының нормаларын асыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары
Нормалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.09.2014 жылғы № 979 Қаулысымен (26.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с № |
Үй-жайдың атауы |
Өлшем бірлігі |
Үй-жайдың алаңы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Сот жүйесі органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
|||
1 |
Алқабилерге арналған сот мәжілісі залы |
шаршы м |
132 |
2 |
Алқабилердің кеңесу бөлмесі |
шаршы м |
22 |
3 |
Қылмыстық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісі залы |
шаршы м |
132 |
4 |
Азаматтық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісі залы |
шаршы м |
132 |
5 |
Әрбір сот мәжілісі залының жанындағы аппараттық үй-жай (дыбыс жазу аппаратурасын және т.б. орналастыру үшін) |
шаршы м |
9 |
6 |
Кеңесу бөлмесі (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
22 |
7 |
Прокурорларға арналған бөлме |
шаршы м |
40 |
8 |
Сотталушыларға арналған камера |
шаршы м |
4 |
9 |
Айдауылдарға арналған үй-жай |
шаршы м |
22 |
10 |
Приставтарға арналған кабинет (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
Облыстық және оларға теңестірілген соттар |
|||
11 |
Жалпы кеңсе кабинеті (талап арыздарды қабылдау) (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
12 |
Қылмыстық істер жөніндегі алқа кеңсесінің кабинеті (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
13 |
Азаматтық істер жөніндегі алқа кеңсесінің кабинеті (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
14 |
Қылмыстық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісінің залы (3 судьяға 1 залды ескере отырып) |
шаршы м |
80 |
15 |
Азаматтық істер жөніндегі алқаға арналған сот мәжілісінің залы (3 судьяға 1 залды ескере отырып) |
шаршы м |
80 |
16 |
Әрбір сот мәжілісі залының жанындағы аппараттық үй-жай (дыбыс жазу аппаратурасын және т.б. орналастыру үшін) |
шаршы м |
9 |
17 |
Кеңесу бөлмесі (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
15 |
18 |
Судьялардың психологиялық демалу бөлмесі |
шаршы м |
24 |
19 |
Сот мәжілісі хатшысының кабинеті |
шаршы м |
12 |
20 |
Куәгерлерге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
15 |
21 |
Жәбірленушіге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
10 |
22 |
Куәгерлерді қорғауды қамтамасыз етуге арналған бөлме (қылмыстық істерді тыңдауға арналған әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
10 |
23 |
Прокурорларға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына 1 үй-жайды ескере отырып) |
шаршы м |
15 |
24 |
Адвокаттарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына 1 үй-жайды ескере отырып) |
шаршы м |
20 |
25 |
Істермен танысуға арналған бөлме (2 судьяға арналған есеппен) |
шаршы м |
7,5 |
26 |
Сот процесіне қатысуға тартылған мамандарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлмені ескере отырып) |
шаршы м |
20 |
27 |
Сот орындаушыларына арналған бөлме |
шаршы м |
10 |
28 |
Приставтарға арналған кабинет (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
29 |
Кодтау және кітапхана кабинеті |
шаршы м |
40 |
30 |
Сот істерін сақтау жөніндегі мұрағатқа арналған үй-жай (бір судьяға арналған есеппен) |
шаршы м |
10 |
31 |
Сақтау камералары (азаматтардың қол жүктерін сақтайтын нөмірлі ұяшықтар орнату үшін) |
шаршы м |
20 |
32 |
Келушілерге арналған жинақтауыш (1 судьяға 10 орын есеппен күту үй-жайы ) |
шаршы м |
4 |
33 |
Ғимаратты күзетуге арналған үй-жай |
шаршы м |
12 |
34 |
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған бөлме |
шаршы м |
20 |
35 |
Сотталушыларға арналған камера (қылмыстық істерді қарауға арналған әрбір сот мәжілісі залы үшін 2 камера есебімен) |
шаршы м |
4 |
36 |
Айдауылға арналған бөлме (камералар саны 10-ға дейін болғанда) |
шаршы м |
12 |
37 |
Айдауылға арналған бөлме (камералар саны 10-нан асқанда) |
шаршы м |
18 |
Аудандық және оларға теңестірілген соттар |
|||
38 |
Жалпы кеңсе кабинеті (талап арыздарды қабылдау) (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
39 |
Сот мәжілісі залы (үлкен) (2 судья үшін 1 залды ескере отырып) |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
50 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
60 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
80 |
||
40 |
Әрбір үлкен сот мәжілісі залының жанындағы аппараттық үй-жай (дыбыс жазу аппаратурасын және т.б. орналастыру үшін) |
шаршы м |
9 |
41 |
Сот мәжілісі залы (шағын) (2 судьяға 1 залды ескере отырып) |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
36 |
||
(төрт құрамды он құрамды соттарға дейін) |
36 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
50 |
||
42 |
Кеңесу бөлмесі (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
12 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
15 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
15 |
||
43 |
Алқабилерге арналған сот мәжілісі залы |
шаршы м |
150 |
44 |
Алқабилерге арналған кеңесу бөлмесі |
шаршы м |
80 |
45 |
Алқабилерге арналған демалу бөлмесі |
шаршы м |
80 |
46 |
Судьялардың психологиялық демалу бөлмесі: |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
12 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
20 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
24 |
||
47 |
Сот мәжілісі хатшысына арналған кабинет |
шаршы м |
12 |
48 |
Куәгерлерге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
9 |
49 |
Жәбірленушіге арналған бөлме (әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
9 |
50 |
Куәгерлерді қорғауды қамтамасыз етуге арналған бөлме (қылмыстық істерді қарауға арналған әрбір сот мәжілісі залының жанында) |
шаршы м |
10 |
51 |
Прокурорларға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлме есеппен) |
шаршы м |
15 |
52 |
Адвокаттарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлме есеппен) |
шаршы м |
20 |
53 |
Істермен танысуға арналған бөлме (2 судьяға арналған есеппен) |
шаршы м |
7,5 |
54 |
Сот процесіне қатысуға тартылған мамандарға арналған бөлме (4 сот мәжілісі залына бір бөлмені ескере отырып) |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
9 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
15 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
20 |
||
55 |
Сот орындаушыларына арналған бөлме |
шаршы м |
10 |
56 |
Приставтарға арналған кабинет (1 қызметкерге) |
шаршы м |
7,5 |
57 |
Кодтау және кітапхана кабинеті: |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
18 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
30 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
40 |
||
58 |
Сот істерін сақтау жөніндегі мұрағатқа арналған үй-жай (бір судьяға есеппен) |
шаршы м |
10 |
59 |
Сақтау камерасы (азаматтардың қол жүктерін сақтайтын нөмірлі ұяшықтар орнату үшін) |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
9 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
9 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін |
15 |
||
60 |
Келушілерге арналған жинақтауыш (бір судьяға 10 орын есеппен күту үй-жайы) |
шаршы м |
4 |
61 |
Соттардың ғимаратын күзетуге арналған үй-жай |
шаршы м |
12 |
62 |
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай: |
шаршы м |
|
(бір құрамдыдан төрт құрамды соттарға дейін) |
12 |
||
(төрт құрамдыдан он құрамды соттарға дейін) |
15 |
||
(он құрамдыдан жиырма құрамды соттарға дейін) |
15 |
||
63 |
Сотталушыларға арналған камера (қылмыстық істерді тыңдауға арналған әрбір сот мәжілісі залы үшін 2 камера есеппен) |
шаршы м |
4 |
64 |
Айдауылға арналған үй-жай (камералар саны 10-ға дейін болғанда) |
шаршы м |
12 |
65 |
Айдауылға арналған үй-жай (камералар саны 10-нан асқанда) |
шаршы м |
18 |
Құқық қорғау органдарының ерекше үй-жайлары |
|||
66 |
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) |
шаршы м |
0,2 |
67 |
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай |
шаршы м |
36 |
68 |
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай |
шаршы м |
18 |
69 |
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі |
шаршы м |
18 |
70 |
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай |
шаршы м |
36 |
Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
71 |
Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал: |
шаршы м |
|
Аудандық қазынашылық басқармасы |
30 |
||
Қалалық қазынашылық басқармасы |
45 |
||
Облыстың қазынашылық департаменті |
60 |
||
Астана және Алматы қалалары бойынша қазынашылық департаменті |
90 |
||
Салық органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
72 |
Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы |
шаршы м |
900 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған ерекше үй-жайлар |
|||
73 |
Геологиялық қорлар мен кернді (сынамаларды) сақтауға арналған бөлме (1 шаршы м-ге 614 кг есеппен) |
шаршы м |
1 |
Әділет органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
74 |
Жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу, халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімдерінің мұрағаты үшін үй-жай: |
шаршы м |
|
Аудандық (қалалық) әділет басқармасы |
220 |
||
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменті |
600 |
||
75 |
Азаматтық хал актілерін салтанатты түрде тіркеу залы: |
шаршы м |
|
Аудандық (қалалық) әділет басқармасы |
120 |
||
Облыстың орталықтарындағы, Астана және Алматы қалаларындағы әділет басқармасы |
250 |
||
Прокуратура органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
Облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларға арналған |
|||
76 |
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай |
шаршы м |
18 |
77 |
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай |
шаршы м |
36 |
78 |
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай |
шаршы м |
18 |
79 |
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі |
шаршы м |
18 |
80 |
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай |
шаршы м |
36 |
81 |
Тергеу тобының кабинеті |
шаршы м |
18 |
82 |
Криминалистика оқу сыныбы және тергеу эксперименттері зертханасы |
шаршы м |
50 |
83 |
Тексеру және тану кабинеті |
шаршы м |
18 |
84 |
Куәгерлерге арналған кабинеті |
шаршы м |
18 |
Аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларға арналған |
|||
85 |
Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай |
шаршы м |
12 |
86 |
Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай |
шаршы м |
24 |
87 |
Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай |
шаршы м. |
15 |
88 |
Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі |
шаршы м |
15 |
89 |
Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай |
шаршы м |
25 |
90 |
Тергеу тобының кабинеті |
шаршы м |
12 |
91 |
Тексеру және тану кабинеті |
шаршы м |
15 |
92 |
Куәгерлерге арналған кабинет |
шаршы м |
15 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
93
|
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу) |
ш.м. |
300 |
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіруді есепке алу) |
100 |
||
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу) |
400 |
||
Арнайы қорлар бөліміндегі мұрағаттық ақпаратты сақтауға және беруге арналған үй-жай |
500 |
||
Аумақтық, Астана және Алматы қалаларындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары оның ішінде: |
300 |
||
|
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу) |
|
60 |
|
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіруді есепке алу) |
20 |
|
|
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу) |
70 |
|
|
Арнайы қорлар бөлімінде мұрағаттық ақпаратты сақтауға және беруге, қысқартылған қылмыстық істерді сақтауға арналған үй-жай |
150 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 33 қаулысымен бекітілген
Телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік-нормалары
Нормаларға өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1148, 26.10.2011 № 1208 Қаулыларымен. (02.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Р/с № | Телефон байланысы түрлерінің атауы | Пайдаланушылар |
1 | 2 | 3 |
1 | республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы | орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, алқалы мемлекеттік органдардың мүшелері; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар), аппарат басшылары (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда); ведомстволардың басшылары, олардың орынбасарлары; департаменттердің басшылары және бөлім меңгерушілері, олардың орынбасарлары; басқармалардың бастықтары, олардың орынбасарлары (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) орталық аумақтық органдары құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары |
2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен халықаралық телефон байланысы | орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар), аппарат басшылары (заңнамаға сәйкес мұндай лауазым болғанда); облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары (аппарат басшылары) және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің лауазымды адамдары (Министр, оның орынбасарлары, жауапты хатшы, комитеттер мен департаменттердің басшылары, олардың орынбасарлары) |
3 | алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы | Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің лауазымды адамдары (Министр, оның орынбасарлары, жауапты хатшы, комитеттер мен департаменттердің басшылары, олардың орынбасарлары), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы және оның орынбасарлары |
4 | қалалық нөмірлермен телефон байланысы | орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері (басшылар, басшылардың қабылдау бөлмелері, ведомстволардың, департаменттердің басшылары және бөлім меңгерушілері, олардың орынбасарлары, ведомстволардың басшылары мен департамент директорларының қабылдау бөлмелері, сектор меңгерушілері, бас консультанттар, басқарма бастықтары, аға прокурорлар, бас сарапшылар - бір нөмірден және прокурорлар, сарапшылар - екеуге бір нөмір); облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметкерлері – екеуге бір нөмір |
5 | қалалық (ауылдық) нөмірлермен телефон байланысы | орталық мемлекеттік органдардың облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері (басшылар, басшылардың қабылдау бөлмелері, олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі, аға прокурорлар - бір нөмірден және прокурорлар, мамандар - үшеуге бір нөмір) |
6 | пәтерге орнатылған республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы (халықаралық байланысқа шығу құқығынсыз) | облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (12.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысымен (12.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Ұлттық медициналық холдинг,» деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзацтағы «II топтағы мемлекеттік органдардың орталық аппаратына» деген сөздер «мемлекеттік органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «уақытша», «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» және «1996 жылғы 3 қазандағы № 1217» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсіпорындардың) қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ ұялы телефондардан шығатын шығыс қоңырауларына ақы төлеуге жол берілмейді;»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компанияларға дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 997 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы № 1004 және 1999 жылғы 23 ақпандағы № 149 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1753 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 149-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.