Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2012
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 422 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.01.2012 № 162 Қаулысымен (06.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 555  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 23, 261-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесінде және оған қойылатын біліктілік талаптарында: 
9, 10, 11, 12-тармақтардың 2) тармақшасындағы "ұзақ мерзімді" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi