1. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 908 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2009. № 1060 Қаулысымен. (05.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасында:
мәтіндегі "РМК" және "ЕМК" деген аббревиатуралар "ЖШС" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Міндеттері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"балық өсіруді және балық өнеркәсібін дамыту";
"Кіріспе" деген 2-бөлімде:
үшінші абзацтағы "ауыл" деген сөзден кейін "және балық" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы "ауыл" деген сөзден кейін "және балық" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацтағы»"және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 654 қаулысымен оны іске асырудың Іс-шаралар жоспары бекітілді" деген сөздер алынып тасталсын.
"Агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі таңдағы жай-күйі" деген 3-бөлім:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Балық және балық өнімінің сыртқы саудасындағы импорт физикалық көлемде экспорттан артық. Сонымен қатар, экспорттық портфельдің нарықтық құны жоғары.";
"Мал шаруашылығында" деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Балық шаруашылығында
Балық шаруашылығы су тоғандарының жалпы алаңы, Каспий теңізін қоспағанда, 3 миллион гектарға жуық. 2006 жылы республика су тоғандарында лимит 49754,6 мың тонна болғанда 41773,9 мың тонна балық ауланған.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын жіберілетін балық шабақтары мен личинкалары 194,02 млн. дана, оның ішінде Каспий теңізіне жіберілетін бекіре балығының шабағы 6,0-дан астам данаға дейін жетеді.
Республикамызға балық пен балық өнімі 35 шет елден келіп түседі. Балықты негізгі жеткізіп берушілерге Ресей, Норвегия және Латвия жатады.
Полная версия